Жексенбі, 23 тамыз, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

Учаскелерде мүгедектігі бар азаматтар үшін шектеулер жоқ

23.08.2026

38 0

Құрылтай сайлауының басталғанына 5 сағаттан асты. Дауыс беру учаскелеріне келіп жатқан тұрғындар белсенділігі жоғары.

Науқанда мүгедектігі бар жандарға дауыс беру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен бірге дауыс беру учаскесінде көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін де аудиороликтер қамтамасыз етілген.

Соның бірі Қармақшы ауданындағы №96 учаскеге дауыс беруге барған сайлаушы Рита Нұртазаева.

Әрбір дауыстың маңызды екенін жақсы сезінеміз. Мен учаскеге келу үшін үнемі инватакси қызметін пайдаланамын. Дауыс беру учаскесінде де біз үшін шектеулер, кедергілер жоқ. Бюллетеньді толтырудың үлгісі жазылған аудиороликтер де қолжетімді,-дейді сайлаушы.

Қажеттіліктерге қарай учаскелерде 49 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 375 учаскеде Брайль қарпімен жазылған трафереттер таратылды.
Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 187 онлайн сервис жұмыс істейді. Мұнан бөлек, азаматтарды уақытша тіркейдін 5 учаске жабдықталған. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.
Айта кетейік, өңірде 386 сайлау учаскесі және 500 591 дауыс беруші бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: