Жексенбі, 23 тамыз, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

Қазалы брендтері Құрылтай сайлауында 

23.08.2026

27 0

Тамыры терең, тарихы кенен Қазыналы Қазалы қашанда елдік бастамалар мен игі істердің ортасынан табылып келе жатқан қасиетті мекен. Сыр бойындағы сырлы өлкенің өзіндік бренді қалыптасып, бүгінде жұртшылыққа кеңінен танылған өнімдеріміз ауданның абыройын асқақтатып келеді.

Қазалының брендіне айналған «Қазалы кәмпиті», «РЗА» сүт өнімдері мен «Мерей» күріші – жергілікті кәсіптің ғана емес, ел еңбегінің, берекелі тіршіліктің көрінісі. Әрқайсысының артында маңдай термен жасалған еңбек, сапаға деген талпыныс және туған жерге деген мақтаныш жатыр.
Бұл жолы Қазалы бренді Құрылтай сайлауында да ерекше көрініс тапты. Сайлау учаскесіне аталған танымал өнімдердің бейнесін айшықтайтын арнайы киімдегі аниматорлар келіп, дауыс беріп, көпшілік назарын өздеріне аударды.
Саяси маңызды шарада Қазалының төл брендтерінің насихатталуы туған жердің жетістігін танытудың, жергілікті өнімге деген құрметті арттырудың үлгісі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: