Құрылтай

Сейсенбі, 11 тамыз, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60 (2272)
11.08.2026
PDF мұрағаты

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

11.08.2026

39 0

KAZINFORM – 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді.

Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі. Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі.

«Әділет» партиясы – Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП – Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
«Байтақ» партиясы – Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
Қазақстан Халық партиясы – Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
«Ауыл» партиясы – Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
«Ақ жол» партиясы – Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
Respublica партиясы – Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

Көрермен назарына:

  • сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
  • тікелей эфирде келіп түскен ең өткір сұрақтарға жауаптар;
  • дебатқа қатысушылардың пікірі бойынша сайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
  • партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.

Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: