Құрылтай

Дүйсенбі, 10 тамыз, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59 (2271)
08.08.2026
PDF мұрағаты

Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

10.08.2026

32 0

Абай күніне орай ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеушілер қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқыды.

Атап айтқанда, екі жазасын өтеуші Абайдың өнегелі өлеңдері мен тағылымы терең қара сөздерін мәнерлеп оқып, ұлы ойшылдың адамгершілік, білім, еңбек, тәрбие және рухани кемелдік туралы ойларын жеткізді.

Абай шығармаларының басты құндылығы – адамды үнемі өзін жетілдіруге, білім іздеуге, еңбек етуге, жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, жаман әдеттерден арылуға үндейтіндігінде. Ақынның әрбір өлеңі мен қара сөзінен адам болмысына қатысты терең ой мен өмірлік тағылымды аңғаруға болады.

Жазасын өтеушілердің Абай шығармаларын оқуы – ұлы ақын мұрасымен жақынырақ танысып, оның тағылымды ойларына үңілуге мүмкіндік береді. Рухани құндылықтарды дәріптеу арқылы адамның ішкі дүниесіне ой салу, жақсыға ұмтылуға бағыт беру – Абай мұрасының басты тәрбиелік мәндерінің бірі.

Абай сөзі – уақытпен бірге жаңғыратын рухани қазына. Ұлы ойшылдың шығармалары адамды ойлануға, ізденуге және өз-өзіне есеп беруге шақыра отырып, әр жүрекке адамдықтың биік өлшемін ұғындырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: