Құрылтай

Сейсенбі, 11 тамыз, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60 (2272)
11.08.2026
PDF мұрағаты

Ақпараттық шабуылдардан қорғану үшін қандай дағдылар керек?

11.08.2026

31 0

Ғаламтор, әлеуметтік желі — бұл адамдардың қарапайым өміріндегі жаңалықтары мен тәтті сәттерінен бастап, белгілі бір бизнес, жұмыс, шығармашылық секілді күрделі салалар аясындағы құнды ақпараттарды, тіпті миллиардтаған қаражаттардың айналымын қамтамасыз етіп отырған үлкен жүйе. Сондықтан оған белгілі бір деңгейде асқан жауапкершілікпен қарап, қорғана білу қажет.

«Қорғана білу» деуіміздің негізгі себебі — ғаламтор адам қолымен жасалған игілік болғандықтан, оны адам қолымен өзгертуге немесе басқаруға болатыны талассыз. Осындай адамдардың кесірінен кейде ақпараттық шабуылдар жасалып, адамдардың жеке ақпараттарынан бастап, құжаттары мен қаражаттарына дейін қауіп төнеді. Ақпараттар сақталған желілерді немесе сайттарды бұзу арқылы сізге құнды жазбалардың қаскөйлердің қолына түсуі әбден мүмкін. Сондықтан оған аса мұқият болу қажет.

Біз осы тұста мынадай дағдыларды ұсынамыз:

1. Ақпараттарды тексеру. Алдыңызға келіп отырған ақпараттың шығу көзін анықтап, оның рас екеніне толыққанды көз жеткізу.

2. Сыни ойлай білу. Ақпараттардың дәстүрлі, ұлттық құндылықтар мен адам құқықтарына қарсы келмейтініне және оқырманды теріс бағыттарға жетелемеуіне көз жеткізу.

3. Киберқауіпсіздік дағдыларын дамыту. Ақпараттарды сақтауда құпиясөздер мен сақталған файлдардың қауіпсіздігіне мән беру.

4. Психологиялық тұрақтылық. Берілген ақпараттар аясындағы эмоцияларға еріп, ашу, ыза, аяныш, түңілу секілді сезімдерге ерік бермеу.

Бұл — ақпараттық шабуылдардан сақтанып, жеке деректерді сақтауға көмектесетін дағдылардың бір парасы ғана. Ең бастысы — өз ақпараттарыңызға барынша абай болып, толық тексерістен кейін ғана оны желіге жариялау керек.

Сандыбай Піржан

Қызылорда облысы дін

істері басқармасы «Дін мәселелерін

зерттеу орталығының» теолог маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: