Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 4 бабының талаптарына сәйкес, Әділет органдары коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асырады.
Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген электронды өтініш негізінде жүргізіледі.
Заңды тұлғаны электронды тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Жарғының электронды көшірмесі;
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзы арқылы тіркеу алымын төлеу;
Қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық кқшірмесі;
Уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
Қоғамдық бірлестіктің бастамашы азаматтарының тізімі
Р.БАЙҒАБЫЛОВА,
Қызылорда облысы Әділет
Департаментінің Коммерциялық емес
ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!