Жексенбі, 28 сәуiр, 17:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның бір мектебінде 1 «Ы» сыныбы ашылды

01.09.2021

1811 0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім күнінде Қосшыдағы №2 орта мектепке барды, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары.

Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, биыл №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды. Соған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап «Ы» сыныбына дейін ашылды.

Қосшы мектебінде 1 Ы сыныбы ашылды

Ал Қазақстан бойынша бірінші сыныпқа 394 мыңға жуық бала барды.

Ақмола облысындағы бұл мектепте төрт мыңға жуық бала білім алады. Алайда мектеп бір ауысымда 1 200 баланы оқытуға жобаланған. Жергілікті мұғалімдер 2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында Қосшы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін көтерген болатын.

Айта кетері, биыл Нұр-Сұлтаннан 20 шақырым жерде орналасқан Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: