Дүйсенбі, 22 шiлде, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Кент тұрғындарымен кездесті

18.12.2020

1117 0

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесті.

Халықпен кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы атқарылар істерге тоқталды.

– Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылға жуық уақытта елімізде, өңірімізде көптеген ауқымды жұмыстар жасалды. Осы жылдарда біздің жетекші партиямыз халықпен бірге болды. Аз ғана уақыт ішінде көптеген тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынды. Сапалы жолдар салынып, көшелер абаттандырылуда. Бұл істердің барлығы елдегі бағдарламалардың нәтижесінде жүзеге асуда. Бұл игі бастамалар әлі де жалғаса береді, – деді «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ибраким Басықараев.

Тұрғындармен кездесуге «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ибрагим Басықараев, Гүлнар Жұмашева, Орынша Алимбетова және Жаннат Садвакасова қатысты.

Кандидаттармен кездесуге қатысқан кент тұрғындары өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

  Үміткерлер тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мемлекеттік жобалардың ұтымды тұстары айтылып, болашақ жоспар нақтыланды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: