Жұма, 29 наурыз, 13:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сала мамандарымен кездесу

14.12.2020

908 0

 «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Гүлнар Жұмашева, Әбіләзім Әбдіғабит және Айгүл Мұсабаева үгіт-насихат жұмысы аясында денсаулық және білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Шара барысында мамандар үміткерлердің сайлауалды бағдарламасын тыңдап, сұрақ-жауап алмасуға мүмкіндік алды.

«Zoom» бағдарламасы арқылы өткен басқосуда мамандар саладағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірін айтып, шешу жолын саралады. Кездесуде медицина мен білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша сұрақтар қойылды. Үміткерлер тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мемлекеттік жобалардың ұтымды тұстары айтылып, болашақ жоспар нақтыланды.

Айта кетейік, медицина ұйымдарын жоғары технологиялық құрылғылармен қамтамасыз ету, аймақтағы 12 білім нысанына кезең-кезеңмен күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, мұғалімдердің кибер педагогика және қашықтан оқыту әдістемесі бойынша біліктілігін арттыру мәселелері сайлауалды бағдарламада толық қамтылған.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: