Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске Қызылорда облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жапаров Серік Исақожаұлы және ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының бас маманы, әділет подполковнигі Жоламанов Серік қатысты.
Жедел кеңестің негізгі мақсаты – жеке құрам арасында қызметтік тәртіпті, заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау мәселелерін түсіндіру.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заң үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі бойынша шолу жасалып, қызметкерлерге тиісті түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар ішкі істер органдарындағы қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мәселелері талқыланды.
Үшінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, олардың қызметтік міндеттерді атқару барысында маңыздылығы түсіндірілді.
Кеңес барысында жеке құрамға заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын бұзбау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және әрбір қызметкердің өз міндетіне жоғары жауапкершілікпен қарауы қажеттігі ескертілді.
Жиын соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру және қызметтік тәртіпті нығайту бағытында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!