Сәрсенбі, 24 шiлде, 02:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

COVID-19: «Неге сарғайдық?»

23.10.2021

634 0

21 қазанда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 38 дерек тіркелген. Оның ішінде 19 адам облыс орталығынан. Жаңадан тіркелген 38 жағдайдың 27-сі симптомды деп танылса, қалған 11 адамнан ауру белгілері байқалмаған. Осылайша 2020 жылдан бері Covid-19 вирусын жұқтырған адам саны өңірде 18532-ге жетті.

38 жағдайдың 35-і жаңа ошақ деп танылса, қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар саны 3-і құрады. Сондай-ақ сол тәулікте аймақта барлығы 25 науқас емделіп шықса, оның 14-і Қызылорда қаласынан. Нәтижесінде жалпы емделіп шыққандар саны 17728 адамды, яғни 96 процентті құрады.

Соңғы дерек бойынша облыс көлеміндегі инфекциялық стационарларда барлығы 221 науқас емделіп, оның жүктемесі 40 процентті құрады. Сондай-ақ реанимациялық бөлімде 23 науқаста ем қабылдауда. Оның жүктемесі 28 процентті құрап отыр.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 22 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қызылорда және Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары «сары аймаққа» өтті. Ал «жасыл аймақта» Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары бар. Эпидемиологиялық ахуал күрделі деп бағаланып, «қызыл аймақ» қатарына енгендердің ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Вакциналау науқаны аясында 21 қазанда екпенің І компонентін аймақта барлығы 2791 тұрғын салдырған. Нәтижесінде 1 ақпан мен 21 қазан аралығында өңірде вакцинаның алғашқы компонентін алғандардың саны 336837 адамға жетті. Оның ішінде 147490 адам Қызылорда қаласының тұрғындары.

Сонымен қатар 21 қазанда екпені толықтай алуға 1896 адам келсе, оның 636-ы қала тұрғыны. «Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 6 мамырдағы №20 қаулысына сәйкес, осы вакцинаның І компонентін алған тұрғындар 45-90 күн аралығында ІІ компонентін алуы тиіс. Осы есеппен алғанда, бүгінгі күні вакцинаның ІІ компонентімен 297724 тұрғын қамтылуы керек, алайда түрлі себеппен 269441 тұрғын ғана қамтылып отыр. Вакцина алмаған 28283 тұрғынның 97-не медициналық шегініс берілген, 28186-і басқа да себептермен алмаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: