Сейсенбі, 23 шiлде, 04:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Тәжік-ауған шекарасынан қазақ әскерінің шығарылғанына 20 жыл

28.10.2021

1071 0

Бүгін «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.

Мән-мазмұны терең шарада Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімі жасалынды. Ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағышталды.

Мұнан соң, бірқатар ардагер қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Шара барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Болатұлы «Отан алдындағы борышын адал атқарып, жанқиярлық ерлік көрсетіп, азаматтық парызын өтеп қайтқан жауынгерлерінің алдында кімде-кім болмасын басын иіп, тағзым етеді. Құрметті ардагерлер, Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз,» – деп, ардагерлерге жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың Ардагерлер одағы» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.

Айта кету керек, қала күні мерекесі аясында ұйымдастырылған «Мейірімді қала – Қызылорда» атты қайырымдылық акциясында Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерінің отбасына азық-түлік қоржындары таратылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: