Дүйсенбі, 22 шiлде, 23:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Президент Nur Otan-ның жұмысына көңілі толмайтынын айтты

28.01.2022

660 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде партияның жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Былтырғы сайлаудың қорытындысы бойынша Nur Otan халықтан қажетті сенім мандатын алды. Алайда атқарушы билік оны пайдаланбай, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына жол берді. Бұйрықтар, жоспарлар, тапсырмалар көбінесе ресми түрде, қағаз жүзінде орындалды», деді Президент.

Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде партияның кадрлық әлеуеті мен барлық ауқымды инфрақұрылымы толық пайдаланылмағанын атап өтті.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жоспарланған индикаторлардың 74 пайызының орындалғаны туралы есеп берді. Бірақ бұл ақпараттың рас екеніне кім кепілдік береді? Жаңа реформаның күн тәртібіндегі іске асыруға да қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет. Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Партия олардың сапалы орындалуын ынталандыруы керек. Бұл үшін барлық ресурстар бар», деді Мемлекет басшысы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: