Жұма, 03 мамыр, 07:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Блогердің 182 миллион теңге тұратын Ferrari автокөлігі өртенді

21.08.2023

590 0

Америкалық танымал блогер өзінің 182 миллион теңге тұратын автокөлігін абайсызда өртеп алды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Whistlindiesel өзінің instagram парақшасында айтып, хабарлады. 

«Иә, қараңызшы, уухххх… біз өртеп алдық. (Бұл менің жаңа «Феррари» және жалға алынған минивэн), YouTube-та қалай болғаны туралы видеомызды көріңіз,-деп жазды ол. 

Блогердің айтуынша, ол жүгері алқабында Ferrari автокөлігін тізгіндеп келе жатқандай кенет автокөліктің дөңгелегі үйкеліс күшіне шыдамай өрт тұтана бастаған. Алайда темір тұлпарды бүтіндей қызыл жалыннан сақтап қала алмаған. Кеткен шығын 182 миллион теңге.

Желі қолданушылары Америкалық блогердің бұл әрекетін сынға алып, түрлі пікір білдірген. 

«Аш балаларды тамақтандыру керек еді олай өртеп алғанша», «Расында келгенде көп адамдар автокөлікке лайық емес», «Бұл әрекетіңіз дұрыс болмады», «Сізге көңіліміз толмады», – деп жазды олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: