Дүйсенбі, 22 шiлде, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Үкімет басшысы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспарларымен бөлісті

08.02.2022

791 0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру үшін қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы айтты.

«Дін және этносаралық қатынастар саласында интернет-кеңістікте, әсіресе жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасады», деді Әлихан Смайылов.

Атап айтқанда, тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады. Мемлекеттік тілді үйренуді және патриотизмге тәрбиелеуді танымал ету мақсатында ағартушылық және әлеуметтік жобалар әзірленеді.

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін арттыру үшін олардың БАҚ-пен жұмысын бағалаудың жаңа критерийлері енгізіледі», деді Әлихан Смайылов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: