Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Су тапшылығы: Қызылордада 65 жоба жүзеге асырылады

15.03.2022

1151 0

Өңірде су тапшылығының алдын алу мақсатында 65 жоба іске асырылады. Биыл облыстық бюджеттен 157,1 шақырым болатын 20 каналды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Ал, елді мекендерге 23 дана насос қондырғысы сатып алынады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Айтжанова хабарлады.

«Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі су ағынының азаюы өңірдің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын едәуір қиындатуда. Су тапшылығына байланысты «Қызылорда облысының су тапшылығы жағдайында, бірінші кезектегі жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасы» жобасы әзірленуде. Аталған жоба аясында 2022-2025 жылдар аралығындағы 20 жобаны іске асыру көзделген. Бүгінде облыстық коммуналдық меншікке 224 су шаруашылығы нысандарына тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – деді Жұлдызай Айтжанова.

Брифинг барысында су қоймаларына түсіп жатқан су көлемі айтылды. Алдағы уақытта суды көп қажет ететін өнімдердің көлемі бірнеше есеге азайтылмақ.

«Қазіргі таңда Тоқтағұл су қоймасына – 7,9 млрд. текше метр су жиналды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда – 1,2 млрд.текше метрге кем. Шардара су қоймасында жиналған су көлемі – 4,8 млрд. текше метр. Түсіп жатқан су секундына – 495 текше метрді құрайды. Өткен жылы Көксарай су қоймасына – 1,3 млрд. текше метр су жиналды. Қазіргі таңда бұл су қоймасына су жинақтау жұмыстары жүргізілмеді. Себебі, Сырдария өзеніндегі су көлемі аз», – деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бөлім басшысы Сейітхан Абуов.

«Биылғы су тапшылығы мәселесі аса күрделі болатыны белгілі. Осыған сәйкес, суды көп қажет ететін дақылдардың көлемі азайтылады. Басты дақыл күріштің көлемі – 64 мың гектарға дейін қысқарады. Сондай-ақ, қаңтар айынан бастап, Жаңадария, Жаңарық, Айнакөл, Қаракөл, Қараөзек көлдер жүйесіне су толтыру жұмыстары басталды», – деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: