Бейсенбі, 02 мамыр, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» қозғалысының құрылғанын жария етті

01.03.2022

788 0

Ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов  Журналистер Одағының баспасөз конференциясында «Қазақстан халық конгресі» қозғалысының құрылғанын  жария етті, – деп жазады vlast.kz.

Сүлейменовтің айтуынша, «Қазақстан халық конгресінің» дәл қазіргі уақытта құрылуына Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел билеуі әсер еткен.

«1989 жылы 28 ақпанда «Шыдамның шегіне жетті!» дедік. 30 жыл бойы көмескі үмітпен өмір сүруден арылатын кез келді. Халық әр нәрсенің уақыты жеткенін түсінгенде ғана шынайы болмысын танытады.

Осыдан 30 жыл бұрын «Шыдамның шегіне жетті!» деген шақта «Невада-Семей» қозғалысын құрдық. Енді «Қазақстан халық конгресі» қозғалысын құрудың уақыты келді. Біз «Қазақстан халық конгресінің»  бағдарламасын дайындап жатырмыз», – деді Олжас Сүлейменов баспасөз мәслихатында.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Олжас Сүлейменов «Қазақстан үшін жаңа дәуір туып келеді» деген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: