Жұма, 29 наурыз, 05:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Құтқарушы Арманға 2 бөлмелі пәтер берілді

27.08.2022

866 0

Облыстық педагогикалық тамыз кеңесінде 2 жарым жастағы баланы құдықтан құтқарған 15 жасар Арман Аманжоловқа 2 бөлмелі пәтер берілді.

Өткен аптада қала орталығындағы «Универсам» шағын ауданында оқыс оқиға орын алып, екі жарым жастағы сәби ашық тұрған кәріз құдығына түсіп кеткен. Аралдан арман қуып, оқуға келген 15 жастағы Арман Аманжолов оқиға сәтінде көзсіз ерлікке барып, баланы құдықтан алып шықты. Бозбаланың батырлығына тек жерлестері ғана емес, тұтас ел болып қуанып, ерлігіне тәнті болды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев педагогтардың тамыз кеңесінде мұқалмас ерік-жігерімен, табанды тәуекелге барған аралдық Арманға демеушілер көмегімен пәтер кілтін табыс етті.

Сондай-ақ жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдірді. Құрмет грамотасы мен қол сағаты салтанатты түрде табыс етілді.

Арман Аманжолов төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жерінен құтқарып қалды. Ол Қызылордаға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы – электрик. Арман көпбалалы отбасынан шыққан жігіт. Алдында екі әпкесі, екі ағасы бар ол – үйдің кенжесі екен. Арманның осынау ерлігінің насихатталуына облыстық «Сыр бойы» газетіндегі әріптестеріміз сеп болғанын да айта кеткен жөн.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: