Сейсенбі, 30 сәуiр, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Төтенше жағдайлар департаментіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы түсіндірілді

11.03.2022

625 0

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша Департаментінің департаменттінің бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы мен қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өткізді.

Жиынның басты мақсаты – сыбайластықтан таза қоғам қалыптастыру, 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру.

Мемлекет басшысының 2 ақпандағы №802 Жарлығымен қолданысқа енгізілген 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы туралы мәлімдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін түсіндіріп, мемлекеттік органдар орындауға міндетті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» бағытының 4 жобасын таныстырды.

Сондай-ақ, облыс аумағында енгізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет институты туралы да сөз қозғалды.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында әзірленген бейнеролик көрсетіліп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді. Департамент қызметкерлері әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбір қызметші өзінен бастау керектігін айтып, адал, әділ және парасатты болуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: