Жұма, 29 наурыз, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

25.11.2020

2192 0

Қазіргі таңда көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық мәселелер қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасына ерекше көңіл бөлінуде. Сыбайлас жемқорлық елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдарынан туындап отыр деуге болады. Ол әдетте қоғамның жаңару кезеңінде бой көтерді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің батыл шараларын қабылдамасақ, оның криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу және құқықтық насихат жұмысын одан әрі жалғастыру қажет. Әрбір мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыс жасау қажет. Әрқайсысымыз сыбайлас жемқорлықпен күресейік, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмайық және оның алдын алайық. Біздің әрқайсымыздың тарапымыздан сыбайлас жемқорлықты болдырмау барысында белсенді қызмет қажет. Кейбір мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан кетіп жатқан сыбайлас жемқорлықтың көріністерін біз өзіміздің қызметімізде қайталамау және оның алдын алу мақсатында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу және оны орындау әрқайсымыздың міндетіміз деп есептеңіздер.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің беделін түсіреді. Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, құқықтық мемлекет құрудың қағидаларын бұзады. Ел межесі – алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына ену. Осындай егемен еліміздің алға қойған мақсатына жетуіне кедергі – ол сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамызға ортақ міндет. Ортақ міндетті жұмыла отырып орындайық.

Маржан ТУСМАГАМБЕТОВА,
Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: