Сәрсенбі, 01 мамыр, 01:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қуақы» келіп қуантты

16.04.2022

875 0

«Ақмешіт апталығы» газеті аймақтағы бірінші шыққан тәуелсіз басылым. 1994 жылы 15 сәуір күні алғашқы саны шықты. Бас редакторы Әділхан Бәймен деген ағамыз болды. Өте керемет кісі еді. Сол кезде «Ақмешіт апталығының» «Қуақы» беті әзіл-оспаққа арналды. Мен редакцияға әдепкіде жарты күн, кейін толық жұмыс күнімен орналастым. Сөйтіп, «Қуақы» бетін жүргіздім.

Әдекең дүниеден өткеннен кейін жанашыр азаматтардың арқасында газет бүгінге дейін үзбей шығып келді. Бірақ әзіл-оспақ, сын-ысқақ беті жабылып қалған еді. Биылдан бастап қайта ашылып, айына бір рет шығып тұр. «Қуақы» бетінің қайта жарыққа шыққанын көріп, қуандым. Содан бірнеше мақаламды редакцияға әкеп бердім. Қазір әр әзіл бетінде менің де материалым шығуда. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, сыннан қашпауымыз керек. Керісінше одан нәтиже шығару қажет. Қоғамда бәрі 100 процент тап-таза, түп-түзу емес. Бұрын да, бүгін де, болашақта да керемет болмайды. Сондықтан сынды да орынды қабылдай білген жөн. «Ақмешіт апталығы» газетінің таралымы, оқырманы көп болсын. Әсіресе, мен сияқты «Қуақы» бетін асыға күтетін, әзіл-оспаққа жаны құмар жандар арта берсін.

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ,

сатирик, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: