Жексенбі, 30 маусым, 23:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық отбасы баспаналы болды

15.09.2022

1034 0

«Сыр бойы«. Сүйінші! Қызылордалық Бағдат Калмановтың отбасы баспаналы болды. Бүгін «Dauletten» қайырымдылық қоры 53-баспананың кілтін көп балалы отбасыға табыс етті. Қосымша 2 млн теңгеге тұрмысқа қажетті техникалар мен ыдыстар керек-жарақтарын алып берген.

Баспана кілтін табыстау рәсіміне «Dauletten» қайырымдылық қорының қызметкерлері Абылай Бегалы, Жарқын Бейсенов және «Сыр Медиа» серіктестігінің бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев қатысты. Қорға халық бір күнде 19 млн теңге қаржы аударған. КБИ мөлтек ауданынан газбен жылитын 6 бөлмелі жер үй сатып алынды. Бағдат пен әйелі жұмыс істейтін «Сыр Медиа» серіктестігінің ұжымы отбасыға бір күндік жалақыларын аударды.

Еске сала кетейік, өткен аптада Бағдат Калмановтың Сәулет мөлтек ауданындағы баспанасынан түн жарымда өртеніп кетті. Қыс қарсаңында далада қалған отбасының мұңын әріптесіміз Гүлбану Мақажан «Dauletten» қорына жеткізіп көмек сұраған. Журналистің өтініші қордан қолдау тапты. Ол қордың еріктісі ретінде үй іздеп, құжаттарын рәсімдеп баспаналы болуына атсалысты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: