Жексенбі, 08 желтоқсан, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Ұрғаннан адам өлмейді»: Бишімбаевтің әпкесі

30.06.2024

644 0

Сурет: видео кадр

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтің әпкесі сот үкіміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Бишімбаевтің әпкесінің сот залында сот үкіміне қатысты айтқан пікірі түсірілген видео жарияланды. 

“Менің ойымша, ол ақталуы керек еді, себебі қазір ол барлығының немқұйрылылығы үшін жазаланып жатыр. Көзі тірісінде Салтанаттың ата-анасы да, ағасы да оған немқұрайлы қараған, тіпті Салтанат өз-өзіне немқұрайлы қараған. Оған қамқорлық көрсеткен, ол үшін алаңдаған жалғыз адам Қуандық еді. Ол Салтантты шынайы жақсы көрді. Қазір Қуандықты оны ұрғаны үшін соттап жатқан жоқ, ұрғаннан адам өлмейді”, – дейді сотталушының әпкесі. 

Бишімбаевтің әпкесі Қуандық пен Салтанатқа айырылысып, екі жаққа кетуді ұсынғанын айтты. 

“Сендерге мұндай қарым-қатынас қажет емес, айырылысыңдар деп ұсыныс айтқан біз едік. Салтанаттың ата-анасына бұған қатысты ештеңе істеген жоқ, ағасы да дәл солай. Сол түні Салтанат ағасы қоңырау шалған, неге келмеген? Неге қайта қоңырау шалмаған, неге іздемеген? Ол телефоны арқылы Салтанаттың қайда жүрегінін көріп отырған ғой. Неге үйінен шығып, көлігіне отырып, үйінің жанындағы мекенжайға бара алмаған? Немқұрайлылық”, – дейді Бишімбаевтың әпкесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: