Сейсенбі, 23 шiлде, 03:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында 120 сайлау учаскесі жұмыс істейді

20.11.2022

430 0

Қызылорда қаласында таңғы сағат 7.00-ден бастап ҚР Президенті сайлауына дауыс беру басталды. Бұл үшін Қызылорда қаласында 120 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20.00-ге дейін жалғасады. Әдеттегідей, бірінші болып келген сайлаушылар, алғаш рет дауыс беретіндер үшін, сондай-ақ, алғашқы болып келген егде жастағы азаматтарға және басқа да ерекшеліктер бойынша естелік сыйлықтар берілетін болады.

Естеріңізге салсақ, бүгін 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі – жеңіске жеткен президент міндетін 7 жыл атқарады.

Биылғы президент сайлауына барлығы алты кандидат ұсынылды. Олардың қатарында қоғам қайраткері Қарақат Жақсылыққызы Әбден, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев, «Ауыл» партиясы ұсынған кандидат Жигули Дайрабаев, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан Мейрам Зекешұлы Қажыкен, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова мен Қасым-Жомарт Тоқаев бар.

Айта кетерлігі, Қызылорда қаласында барлығы 120 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар таңғы сағат 7.00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін өз таңдауларын жасай алады. Өз сайлау учаскеңізді «109 бірыңғай байланыс орталығына» хабарласу арқылы, Ұялы телефон арқылы «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасынан немесе saylau.orda.gov.kz сілтемесіне кіріп, «Өзіңді сайлаушылар тізімінде тексер» деген атаумен арнайы баннерден білуіңізге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: