Жұма, 19 сәуiр, 13:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды

01.04.2024

391 0

Сурет:

1 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годунованы Жоғарғы есеп палатасының төрағасы қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Наталья Годунова аталған қызметке 2022 жылғы қараша айында тағайындалған еді.

Наталья Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (экономист мамандығы бойынша), Ресей Федерациясы үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1993 жылы «Орал Агроөнеркәсіпбанкте» экономист болып бастаған. 1997-2005 жылдары Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2005 – 2006 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Сауда өкілідігінде кеңесші-экономист. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: