Сенбі, 27 шiлде, 17:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

«Сыр елі жастары»: баспаналы болуға тағы бір мүмкіндік

10.12.2022

649 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мемлекет басшысы  жастардың баспаналы болуына барынша жағдай жасалу керектігін атап айтқан еді. Мемлекеттің басты міндетінің бірі санаған бұл маңызды іс бүгінде өңірлерде қолға алынуда. Бұған дейін «Алматы жастары», «Елорда жастары» секілді бағдарламалар сол қалаларда еңбек етіп жатқан жастардың баспаналы болуына үлкен мүмкіндік екені сөзсіз. Өңірлерде жүзеге аса бастаған мұндай бағдарлама енді Сыр өңірінде де қабылданбақ. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыстық жастар форумында айтты.

– Бірінші, жас отбасылардың баспаналы болып, қоғамда әлеуметтенуі – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы, Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Өмірбекұлымен бірлесіп, «Сыр елі жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын қабылдау бойынша 1 ай мерзімде нақты ұсыныстар енгізсін, – деді облыс әкімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: