Сенбі, 06 шiлде, 11:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі басталды

30.01.2023

690 0

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей базасында республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі басталды. Олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша өтуде.

Өрендерге Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы сәттілік тіледі. Жарысқа математика пәнінен барлығы 146 оқушы қатысуда. Айта кетейік, олимпиада «respa.daryn.kz» онлайн платформасы арқылы жүргізілуде. Әр қатысушы үшін жеке компьютер және веб камера бекітілген. Жүлделі орындарды алдағы уақытта қала бойынша 1572 дарынды оқушы сарапқа салатын болады. Олимпиаданың өту барысын журналистер, «Адалдық Алаңы» кеңсесі мамандары, ата-аналар комитетінің өкілдері, қоғамдық емес ұйымдар өкілдері бақылауда. Осыған орай, ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету үшін оны өткізу процесі онлайн режимінде «youtube» желісі арқылы жүргізілуде. Әрбір аудиториялар бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.Олимпиада барысын төмендегі сілтеме арқылы онлайн көруге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: