Жұма, 26 сәуiр, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Университет ұжымының 71 пайызы вакцина салдырды

21.06.2021

933 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұжымының 71 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы оқу орнының әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай мәлімдеді

.Оның айтуынша университет оқытушыларымен қатар студенттердің 20 пайызы екпе салдырған.«Өз денсаулығымыз өз қолымызда.

Ел арасындағы алып-қашпа әңгімелерге емес маман пікіріне құлақ асқан жөн болар. Отбасымыздың саулығын, ұжым қауіпсіздігін ойласақ вакцина алуымыз қажет.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас оқу ғимаратында арнайы вакцина салуға арналған орын бар. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында қызметкерлердің 71 пайызы екпе алды. Қазіргі таңда қашықтан оқу және жазғы демалыс кезеңі болғандықтан денсаулық басқармасымен бірігіп студенттер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылына дейін оқытушылар мен студенттерге екпе егу жалғасады», – дейді Жандос Нұртайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: