Құрылтай

Бейсенбі, 20 тамыз, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62 (2274)
18.08.2026
PDF мұрағаты

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

20.08.2026

45 0

Заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру, есірткі қылмысы мен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында профилактикалық ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы уәкілдері бірлесіп, тұрғындарға есірткінің зияны, оның заңсыз айналымының салдары және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қаладағы көше, тұрақтарда, автовокзал, жалпы тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде азаматтар мен жүргізушілерге ақпараттық-полиграфиялық өнімдер таратып, есірткі қылмысының алдын алуда қоғамның белсенділігі мен қырағылығының маңыздылығын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: