Құрылтай

Сәрсенбі, 19 тамыз, 18:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62 (2274)
18.08.2026
PDF мұрағаты

Баспанада 50%-ға дейін үлесі бар азаматтар мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіре алады

19.08.2026

38 0

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

KAZINFORM — Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі 2026 жылғы 14 тамызда қабылдады.

Өзгерістерге сәйкес, заңда басқа жағдай қарастырылмаса, Қазақстан азаматтары ел аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана баспананы жекешелендіруге құқылы.

Бұл ретте бұрын баспананы жекешелендіру барлық жағдайда бірдей бас тартуға негіз болмайды. Атап айтқанда, 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін купондық тетік арқылы немесе өзге тәсілмен жекешелендірілген тұрғын үй мемлекеттік баспананы жекешелендіруге кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар, негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғын үйде 50% немесе одан аз үлесі болса, ол кейін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру құқығын пайдалана алады.

Осылайша, өзгерістер бұрын жекешелендірілген баспана немесе ондағы үлес мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіруге кедергі келтірмейтін жағдайларды нақтылайды.

Қаулы 2026 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енеді. 

Бұған дейін Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгеріп жатқанын жазған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: