Дүйсенбі, 01 шiлде, 12:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық танымал әнші Darkhan Juzz көз жұмды

24.02.2023

502 0

Танымал қазақстандық әнші Darkhan Juzz (шын аты Дархан Жүнісбеков) көз жұмды. Бұл туралы Ерлан Қарин жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дарынды әнші Darkhan Juzz Дархан Жүнісбеков өмірден өтіпті. Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды. Еліне бергенінен берері көп, қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!», – деп жазды Ерлан Қарин.

Музыканттың Instagram-дағы ресми парақшасындағы соңғы жазбасы өткен жылдың 17 қыркүйегінде жарияланған. 

Darkhan Juzz (шын аты Дархан Жүнісбеков) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп орындаушы, бірқатар әндердің авторы және дыбыстық продюсері. Музыкант шығармашылығында классикалық трэп, акустикалық гитара және сезімге толы ұштасып жататын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: