Дүйсенбі, 22 шiлде, 23:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қос ауыл бағдарлама игілігін көреді

01.04.2023

728 0

Қала әкімі Асылбек Шәменовтің тұрғындармен кездесуі сәрсенбі күні Қызыл­өзек және Талсуат ауылдық округінде өтті.

Аталған екі ауылда да «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл атқарылатын істер ауқымды. Мәселен қызылөзектіктер үшін маңызды болған көшелерді жөндеу үшін республикалық бюджеттен 173 млн теңге қаржы бөлінген. Бұған ауылдағы 2 көшеге асфальт, 4 көшеге малта тас төселетін болады. Бұдан бөлек жергілікті бюджет есебінен 4 млн 500 мың теңгеге түнгі жарық бағаналарын орнату, электр бағаналарын қайта жаңғырту көзделуде. Халықтың сұранысына сай елдімекендегі «Қожақ» автомобиль көпіріне де жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде оның жоба-сметалық құжаттарына 5 млн 200 мың теңге қаражат қарастырылған. Сондай-ақ ауылда биыл балалар ойын алаңы да бой көтермек.

Талсуат елдімекенінде де алдағы уақыт­та қызу тірлік басталғалы тұр. Мұнда да «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы­мен 65 млн 200 мың теңгеге 8 көше жөнделеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар 7 көшеге жергілікті бюджет есебінен жарық бағаналары орнатылады. Ал талсуаттықтар көптен күткен 150 орын­дық ауылдық клуб мамыр айында пай­да­лануға беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: