Жексенбі, 19 мамыр, 20:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Модульдік инфекция орталығының ғимараты облыстық онкология орталығының меншігіне беріледі

20.07.2023

348 0

Облыстық онкология орталығы биылғы 19 шiлдеден бастап модульдік инфекция орталығында халыққа қызмет көрсетеді. Онкология орталығы 2002 жылдан бері пациенттердің стационарлық ем қабылдауына бейімделмеген облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілік-техникалық бөлімінде орналасқан болатын. Ендi орталық кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдай жасалған 200 төсек-орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырмақ. Орталықтың емхана бөлімі дәрігер кеңесін алуға және жоспарлы ем қабылдауға жолданған пациенттерді қабылдайды. Жаңа ғимараттың әр палатасы 2-3 ем алушыға арналған. Арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіш, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген. Жансақтау бөлімі 6-дан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген. Жабдықталған 2 операциялық залы бар. Ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппараты, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған. Айта кетейік, жаңа ғимарат Берке хан 49 «А» мекен-жайында орналасқан.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: