Құрылтай

Бейсенбі, 30 шiлде, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56 (2268)
28.07.2026
PDF мұрағаты

АДС-М екпесі жүргізілді

30.07.2026

20 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде сотталғандар мен тергеудегі азаматтардың денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде АДС-М екпесі жүргізілді.

Іс-шараға мекеменің бас дәрігері Көжеков Нұрлан және №6 емхананың мейіргері қатысып, айыпталушылар мен жазасын өтеушілерге АДС-М вакцинасын салды. Аталған екпе дифтерия мен сіреспе ауруларына қарсы қорғаныс қалыптастыратын профилактикалық вакцина болып табылады және ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес әр 10 жыл сайын егіледі.

Екпе жұмыстары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылып, вакцина алушыларға алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай профилактикалық шаралар мекемедегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап, азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: