Жексенбі, 07 шiлде, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Шиелі ауруханасына барды

17.04.2023

490 0

     ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысымен танысты. Үкімет басшысының орынбасарының өңірге жұмыс сапары Шиелі ауданынан басталды.

     Өңірге жұмыс сапары барысында Үкімет басшысының орынбасары Шиелі орталық көпбейінді аудандық ауруханасын аралап көрді. Онда аурухана жұмысы мен саладағы атқарылып жатқан жұмыстарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы баяндады.

     Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары Қызылорда облысында 27 денсаулық сақтау нысаны бой көтермек.

     Сондай-ақ, Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 36,4 млрд. теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: