Дүйсенбі, 04 қараша, 03:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Дәрігер пневмониядан кейін өкпені қалыпқа келтіруге көмектесетін әдістерді атады

17.04.2022

918 0

Ресейлік дәрігер-терапевт, пульмонолог Алексей Никишенков пневмониядан кейін өкпені қалыпқа келтіруге көмектесетін әдістерді атады, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның сөзінше, физикалық белсенділік пен тыныс алуға бағытталған жаттығулар сіздің денсаулығыңызға оң әсер береді.

Дәрігер аурудан айыққан соң өкпені қалыпқа келтіруде скандинавиялық жүрістің тиімділігі көп екенін айтады. Бұл жаттығу қол, аяқ, арқа және кеуде бұлшық еттерін жақсартады. Дұрыс тыныстаған жағдайда өкпе жүйесін де нығайтады екен. Сонымен қатар пульмонолог өкпені қалыпқа келтіруде скандинавиялық жүрістен бөлек, велосипед тебу, роликпен сырғанаудың да пайда екенін атап өтті. 

Никишенков тез қалыпқа келу үшін күн режимін сақтап, дұрыс тамақтану керегін, таңғы жаттығу жасауды естен шығармаған жөн екенін айтты. 

«Тыныс алу жаттығулары диафрагманы, қабырға аралық бұлшық етті нығайтып, қан айналымын жақсартады, қан оттегімен қанығады», – деп түсіндірді маман.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: