Сейсенбі, 23 шiлде, 22:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Бір насыбай бақыт

24.07.2023

418 0

Ата мен әженің қызы болу – әке-шешенің баласы болудан биік тұратын атақ. Анаңның үсті-басың лас болмасын деп қайта-қайта ауыстыратын киіміне қарамай, асыр салып топыраққа шомы­лып келесің. Ол ашуланады. Жаныңа жақындап келе жатқанда-ақ жүзінен соны байқайсың да, жарық­тың жылдамдығына салып, атаның не әженің құшағы­­­на барып тығыласың. Мұндай кезде ең қауіпсіз орын – ата-әженің құшағы. Әрі қарай анамның ма­ған жақындауға батылы бармай, өз жөнімен кете барады. Иә, сол үшін де әлі күнге дейін ата-әженің құшағын аңсайтын шығармыз? Тоңсаң, жылытатын, қашсаң, құтқаратын, тойға барса, алдына алып отыратын, жылы-жұмсағын саған арнап «тығып» жүретін құшақ.

«Кімнің баласысың?» деген сұрақ ең көп қойы­латын сұрақ еді ол кез­де. Алдымнан шық­қан адам ба­ла­сының қай-қай­сысы да соны біл­мекке құш­тар. Ал жауап жал­ғыз. «Ата­ның баласы­мын». Әрі қа­рай диа­лог­тың қалай өрби­тінін жатқа білем.

– Атаңның аты кім?

– Бөкебай.

Атам үнемі газеттен жаңа­лық оқып отырады, одан бөлек кітапты да жақсы көруші еді. Өзі балажан. Өмірдің бір қызығы бала дейді ме… Ал бала үшін өмірдің қызығы атасының пенсиясы екенін басынан өткендер ғана түсінер. Айдың соңына қарай түсетін пенсияны асыға күтетіннің бірі менмін.

Қолына таяғын ұстап, поштаның маңына пенсия алуға жиналған шал-кемпірлермен қауқылдасып, өткен-кеткенді сөз етіп қайту атам үшін де бір ермек секілді. Кейде үйдегі үлкендер әкеп береді. Не керек, «айлығы» қолына тигенін білетін мен атамның бұйрығын күтіп жүремін. Ол не бұйрық десеңіз, дүкеннен бір не екі қалта насыбай сатып әкелу. Жағдайға қарай оның да саны өзгеріп тұрады. Бірақ біреуін ғана алдырса екен деп тілеймін мен. Себебі насыбайы таусылса, атам қайтадан мені жұмсайды ғой. Ал маған берілетін жолақы – 25 теңге. Атам әр насыбай алдырған сайын бір стаканчик балмұздақ жеймін. Тағы да насыбайы таусылса, тағы да мені жұмсаса деп жүремін.

Сондағы бір стаканчик сыйлайтын ба­қытты айт­саңшы! Қолым­да әлемдегі ең қым­бат машина­­ның кілті бардай, аялай ұстап әрі ерітіп алмайын деп келемін. Тез тауы­сып тас­тағым да кел­мейді. Үйге жет­кенше тауысып тастайтыным бел­гілі. Есесі­не ерек­ше бақыт­ты күй­де боламын.

Арада он шақ­ты жыл өтті. Дәл қазір стакан­чиктің бағасы 200 теңгедей тұ­рады. Алайда оны сатып алу үшін атамның «айлығын» күтпеймін. Тіпті күн сайын бір­нешеуін алып же­сем де, айына бір рет ғана қолым жететін бала кездегі балмұздақтың дәмін сағынамын. Атам сыйлайтын бір насы­бай бақытты қайта сезінгім келеді.

Д.БӨКЕБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: