Алматыда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, соңыра сөндірілген.
Үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.
Көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы – балалар.
«Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы – бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
![](https://stan.kz/download/uploads/2023/08/full_16908969718d7af9d8107c7dc130f7ca0ad1ec2721_webp.webp)
Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.
Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.
![](https://stan.kz/download/uploads/2023/08/full_1690897026f7914529a6887a993467c432f8515386_webp.webp)
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.
![](https://stan.kz/download/uploads/2023/08/full_169089698587a932b41e6d8496001c06ab0fe856ba_webp.webp)
![](https://stan.kz/download/uploads/2023/08/full_16908969988b8b6c4af2db43c53b88ff3e2c36b07f_webp.webp)
![](https://stan.kz/download/uploads/2023/08/full_16908970112457997d334c34e611e86718b8f1a7d1_webp.webp)
Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!