Бейсенбі, 25 сәуiр, 19:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Шетелдік дәрігерлер мен инженерлер 28 ақпаннан бастап Қазақстанда 10 жылға тұруға рұқсат ала алады

22.02.2023

485 0

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан үшін ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және IT салаларында өте қажет кәсіптерге ие бар шетел азаматтары республикада тұруға ықтиярхат ала алатын кәсіптер тізбесін бекітті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тізімді бекіту туралы бұйрық 2023 жылғы 28 ақпанда күшіне енеді. Тізбе денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым және т. б. салаларда сұранысқа ие 21 кәсіпті көздейді.

  • Дәрігер-нейрохируг;
  • Дәрігер-гематолог;
  • Дәрігер-онколог;
  • Дәрігер-неонатолог;
  • Дәрігер-эндокринолог;
  • Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
  • Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
  • Фармация инженер-технологы;
  • Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші;
  • Авиациялық инженер;
  • Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері;
  • Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер;
  • Лазерлік жабдық жөніндегі инженер;
  • Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі; инженер-зерттеуші;
  • Инженер-медициналық радиохимик;
  • Инженер-медициналық физик;
  • Тоқыма шикізатының классификаторы;
  • Бактериолог;
  • АТ инфрақұрылымының архитекторы;
  • Бағдарламалық қамтылым архитекторы;
  • Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс).

Сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктер өздерінің төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат ресімдей алады. Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: