Дүйсенбі, 22 шiлде, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала

28.02.2021

7035 0

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Түркістанда бір отбасындағы бес адам неден қайтыс болғаны анықталды

«2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің «103» пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілермен өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту орнатылған», – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), «ҚазТрансГаз» АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты», – делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: