Сәрсенбі, 24 шiлде, 00:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Судың да сұрауы бар

01.09.2023

381 0

Бүгінгі сегізінші шақырылымның бірлескен палатасының II сессиясы өтті. Сессияны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашып, Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Республика көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстардың оң динамикасы барын атай отырып, алдымызда тұрған міндеттер мен мақсаттарға тоқталды. Жолдау барысында мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті. Соның ішінде Сыр халқы үшін маңызды,әрі жағымды болды деп есептеймін. Негізгі тіршіліктің көзі су болып табылатыны белгілі. Мемлекет басшысы «Судың да сұрауы бар» демекші суды барынша үнемдеуіміз керек. Су дегенімізді үнемдеп пайдаланбаса тез таусылатын шектеулі ресурс екенін атап өтті. Сусыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті су саласында заңсыздыққа жол берілмейтіндігін және талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылатынын ескертті.

 Негізгі тіршіліктің көзі су болып табылатыны белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы 2040 жылдары Қазақстандықтар үшін 12-14 млрд текше метрге дейін су жетіспеушілігі орын алу ықтималдығын айта келіп, пайдаланып отырған өзендеріміздің 60 пайызының жоғарысын трансшекаралық өзен екенін, сондықтан су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту кезек күттірмейтін мәселе екенін жеткізе келе су ресурстары және ирригация министрлігі ашылатындығын хабардар етті. Үкіметке су саласы стратегиялық маңызы бар сала  екенін нықтай отырып, алдымызға қойылған 15 су қоймасын қайтадан жөндеуден өткізу, 2,5 мың шақырым су жолдарын тазалау, су үнемдейтін техникаларды, кадрлық мәселені шешуді қатаң тапсырды. Сондықтан бүгінгі жолдаудағы мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы және ирригация министрін құру жөніндегі қабылдаған шешімі Сыр халқының жүрегінен ойып орын алды деп есептеймін.Соның ішінде республика бойынша 15 дана су қоймасын қалпына келтіру қажет болатын болса, соның біздің аймақта Қараөзек көлдері жүйесіндегі су қоймасын қалпына келтіру, 856 шақырым құрайтын 26 каналдарының жүйесін тазалау қарастырылды. Бұл деген сөз Сыр елінің ауыл шаруашылығына, балық шаруашылығына және экологияға зор үлес қосатыны анық.

                                                                               Жорабек Нұрымбетов,

                              Қызылорда Сушар өндірістік учаскесінің бастығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: