Жұма, 05 шiлде, 07:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар жаңа оқу жылында білім алмақ

04.09.2023

428 0

Жуырда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қарасты №37 мекемесінің 13 сотталғанға алғашқы қоңырау соғылды. Оқу сыныптарының бірінде өткен салтанатты жиын білім күніне арналған шарамен басталды. Мекеме басшылығы мен оқытушылар сотталғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

– Сапалы білім алу – сотталғандарды түзеу жолындағы іргелі негіз. Мекемелерге келген сотталғандар оқи және жаза алмайтын жағдайлар жиі кездеседі. Кейін олар құжаттарды толтыруда, хаттар жазуда және т.б. қиындықтарға тап болады. Біз сотталғандарға болашақта мамандығы бойынша әрі қарай оқуын жалғастырып, жұмыс істей бастауы үшін барлық қажетті білім беруге тырысамыз, – дейді мекеме оқытушыларының бірі. Қазіргі уақытта мекемедегі орта білімі жоқ 13 сотталған 9, 10 және 11-сыныпта оқитын болады.
«Жастықпен шалыс басып, орта білім ала алмадым. Өзім де бұзықтау болдым. Ата -анамды тыңдамадай , мектепте оқуға ынтам да болмады. Ішімдік ішіп,жол көлік оқиғасын жасап, 5 жылға бас бостандығынан айырылдым. Енді міне жазамды өтеп жатырмын. Сотталған соң болашағымды көп ойлайтын болдым. 10 сыныпта оқып жатырмын. Жаңа оқу жылында өзім сияқты білім алушыларға сәттілік тілеймін «,- деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: