Дүйсенбі, 08 шiлде, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Ішер судың сапалысы дұрыс

07.10.2023

163 0

Ауызсу мәселесі – бүкіл адам баласына ортақ проблема. Жыл санап таза суды тұтыну көлемі де артып келеді. Сол себепті де Мемлекет басшысы халықты таза әрі сапалы ауызсумен қамту мәселесін қойып отыр.

Халықты таза ауызсумен қамту бар да, оның сапасына мән беру бар. Күнделікті ішетін суымыз қаншалықты сапалы? Мамандар Қызылорда облы­сындағы ауызсудан 17 сәйкессіздік анықталды дейді. Сонда ішуге жарамды ма, жарамсыз ба?

Қолда бар деректерге сүйенсек, Сыр өңіріндегі тұрғындар 99,9 пайыз ауызсу жүйесіне қосылған. Оның 98,7 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылғанын атап өткен жөн. Ал 1,2 пайызы орталықтандырылмаған су жүйесіне қосылған. Бізде ауызсуды тасымалды түрде қолданатындар да бар. Олардың үлесі 0,1 пайызды құ­райды. Негізінен жерасты су көздері пайдаланылуда.

Облыстық санитарлық-эпидемио­ло­гия­лық бақылау департаменті берген мәліметке сүйенсек,  биылғы 9 ай­да микробиологиялық көрсеткіштер бойын­ша 1462 ауызсу сынамасы алын­ған екен. Бұл жайлы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова айтты.

– Санитарлық-эпидемиология­лық мо­­ниторинг шеңберінде микробио­ло­гия­лық көрсеткіштерге 1462 ауызсу сынамасы алынып, оның 17-сі талаптарға сәйкес келмеді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 1430 ауызсу сынамасы алынып, оның 44-нен сәйкессіздік анық­талды, – дейді департамент бас­шысының орынбасары.

Маман аймақтағы барлық сумен жабдықтау нысанында тазалау жұмыс­тары жүргенін де мәлім етті.

– Облыс көлеміндегі барлық орта­лықтандырылған сумен жабдықтау объектісінде жуу, тазалау және дезин­фекциялау жұмыстары толығымен жүр­гізілді. Халық арасында су факторына бай­ланысты аурушаңдық тіркелген жоқ, – деді Әлия Әбдіқайымова бізге берген ақпаратында.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: