Сенбі, 20 сәуiр, 18:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Байқау! «Осыдан отыз жыл бұрын» естеліктер байқауы

28.06.2021

1577 0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ақмешіт апталығы» газеті редакциясы «Қызылорда қалалық мәслихаты» аппаратымен бірлесіп «Осыдан отыз жыл бұрын» тақырыбында естеліктер байқауын жариялайды. 

Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осы бір ауыз сөзді естігенде сіздің есіңізге қандай естеліктер түседі? Әрине, тәуелсіз елдің 30 жылы тұтас мемлекеттің бір бөлшегі саналатын адамдар өмірімен сабақтас. Тәуелсіздік сізге қалай әсер етті, өміріңізге қандай өзгеріс әкелді? «Осыдан отыз жыл бұрын» естеліктер байқауының мақсаты да ел жетістігін қарапайым тұрғындар өмірімен байланыстыру. Байқауға тәуелсіздік дегенде көз алдыңызға келетін естеліктермен бірге альбомыңыздан сол уақыттың куәсіндей болған фотоларды қоса жолдаңыз…

Байқаудың мақсаты

Тәуелсіздік жылдарында болған елеулі сәттерді ел есінде қайта жаңғырту. Тәуелсіз­діктің алғашқы жылдарының тұрғындарға әсері, ел болашағына деген сенімі мен үмітін, сол кездегі көңіл-күйді естеліктер және фотолармен  қоса жариялау.

Байқаудың міндеті

Көпшілік оқырманның шығармашылық ізденісін арттыру. Тәуелсіздіктің игіліктерін әрбір оқырманға сезіндіру.

Байқау шарты

«Осыдан отыз жыл бұрын» атты айдармен тәуелсіздік тұсындағы жеке өміріңізде, от­басыңызда болған қызықты оқиғаларды су­ретпен бірге «Ақмешіт апталығы» газеті редакциясына жолдау.

Материалдар осы жылдың 1-ші қара­шасына дейін қабылданады.

Байқау талаптары

Байқауға ұсынылған материалдар Microsoft Word түрінде жолдануы қажет. Естелік көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен жазылуы тиіс.  Жолданатын естелік көлемі 3 беттен (А4 форматты қағаз) аспау керек.

Бір қатысушы бір ғана материал жібере алады.

Шығармалар қазақ тілінде қабылданады.

Байқауға Қызылорда облысының кез кел­ген оқырманы қатыса алады.

Байқауға қатысушылар толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен жайын және өздері туралы қысқаша мәлімет қосып akmeshit.kz@mail.ru электронды поштасына жол­дауларыңызды сұраймыз.

Қорытынды

Байқау қорытындысы тәуелсіздік күні қар­саңында жарияланады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сый­лықтар беріледі. Газет бетіне шыққан естеліктер топтастырылып, арнайы жинақ болып шығады.

Байланыс нөмері: 40-11-10

Эл почта: akmeshit.kz@mail.ru

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: