Дүйсенбі, 08 шiлде, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда 4 жылдың ішінде 900-ге жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған

17.10.2023

815 0

Соңғы 4,5 жылда Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева зорлық-зомбылықтың кесірінен көз жұмғандар туралы айтты.

Сол уақыт аралығында денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген.

“Отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 қолдау орталығы жұмыс істейді, оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе 2019 жылдан бері бар. Жәрдемге мұқтаж азаматтарға «Бір терезе» қағидаты бойынша көмек көрсетілуде», – деді министр.

Балаева 16 қазаннан бастап Қазақстанда отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111-AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылғанын атап өтті. Айтуынша, сол арқылы жедел режимде құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетіледі.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай зардап шеккен әйелді ер адаммен бірге 15 күнге жабуды талап еткен еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: