Жексенбі, 13 қазан, 02:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 3   ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылды

09.08.2023

483 0

​Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын – алу  мақсатында  түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын – жайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау бағытында  рейдтік іс-шараларұйымдастырды. 

Атап айтқанда, есепті мерзімде ІІО-на қадағалаусыз, қараусыз, қаңғыбастыққа салынып жүрген, әр түрлі құқық бұзушылық деректері бойынша  7 ай қорытындысымен жалпы 3227 әкімшілік хаттама толтырылды.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 201 кәмелетке толмағандар тапсырылған.

ҚР ӘҚБтК-нің 127 – бабы, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған 50 азаматқа сот құзырымен әкімшілік шаралар көрілді.Түнгі уақытта 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болған 2058, жасөспірім анықталып,  олардың заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілсе, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 74 құжат әкімшілік сотқа жолданып,  сот құзырымен тиісті шара көрілді.

Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен 682 әкімшілік хаттама рәсімделді.          ​

Сонымен қатар, балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамайтын 3 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан шектелсе, 3 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айрылды.

1 жасөспірім Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлкен Бөген ауылында орналасқан «Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесіне (бір) жыл мерзімге орналастырылды.  

Қызылорда қаласы көлемінде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу, заңмен тыйым  салынған уақыттан кейін қоғамдық орындар мен көшеде, ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін кәмелетке толмағандарға  әкімшілік шаралар қолданылуда. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін ересек адамдарды анықтау, полиция органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларын тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріп, олармен профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізу мақсатында 5 жедел профилактикалық іс-шара өткізілді.​

Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: