Сейсенбі, 23 шiлде, 01:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Ірі мөлшерде есірткі сақтаған қала тұрғыны ұсталды

19.10.2023

358 0

Қызылордалық жедел уәкілдер есірткінің ірі партиясын сақтаған азаматты ұстады.
Жедел ақпарат бойынша “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ҚР Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп, ірі мөлшерде есірткі сақтаған Қызылорда қаласының тұрғынын ұстады.

Қылмысқа күдіктелген азаматтың тұрғылықты мекенжайынан екі үлкен қапқа салынған есірткі заттары, сондай-ақ полиэтилен пакеттер мен есірті салынған 19 литрлік пластик ыдыстар тәркіленді. Айғақ заттар жеке тұрғын үйдің ауласындаға иттің күркесінен, сондай-ақ үй бөлмелері мен шатырынан табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 6,7 келіден астам ірі мөлшердегі кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: