Бейсенбі, 09 мамыр, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Аударыспақ ойыны Азия ойындарының қатарына енді

11.07.2023

722 0

Қазақстанда бүкіләлемдік Халықаралық аударыспақ Федерациясы құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Федерацияға Ресей, Қырғызстан, Қытай, Венгрия, Түркия, Моңғолия және Өзбекстан кірді. Олардың өкілдері бірқатар құрылтай құжаттары мен жиналыс хаттамаларына қол қойды.

Аталмыш елдер дәстүрлі ат спорттарын танымал етіп, дамыту үшін бірігіп, оны Азия ойындары бағдарламасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Федерация президенті болып Марат Жұманқұлов сайланды.

“Біз әдістемесін әзірлейміз. Бұл ойынды жастар арасында танымал етеміз. Кездесу барысында бірыңғай стандарттар мен ережелерді бекіттік. Олардың негізі аударыспақтың қазақша нұсқасы болды. Спортшылардың салмақ дәрежелері анықталып, алдағы жарыстардың кестесі қабылданды”, – деді дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясының президенті Марат Жұман.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: