Сенбі, 06 шiлде, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Ауыл баласына мүмкіндік берген байқау

20.11.2023

661 0

Ауыл баласына мүмкіндік берген байқау

Білім сапасы ауыл-қалаға бөлінбеуі тиіс. Бұл мәселе әрдайым айтылып келеді. Осыған орай оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ауыл балаларына арналған олимпиада өтуде. Қалаға қарасты Қызылжарма елді мекеніндегі №144 орта мектепте республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Бұл байқаудың басты – мақсаты ауыл балаларына басқа да республика көлеміндегі байқауларға қатысуына мүмкіндік беру.

          Байқауда оқушылар академиялық адалдық алаңын сақтай отырып, республикалық тапсырманы орындайды. Сондай-ақ әр оқушының алдында  камералар орнатылған. Сонымен қатар байқау кезінде ата-аналар балаларының жұмысы мен орындаған тапсырмаларын тікелей көрсетілім бойынша танысып, көре алады.

          Сондай-ақ республикалық олимпиада да 9-11 сынып аралығындағы оқушылардың бақ сынайтынын Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Баян Ниязова айтып берді.

          – Бұл додаға облыс бойынша 225 мектеп қатысуда. Оның ішінде 5500 бала олимпиадада бақ сынамақ. Қазіргі таңда Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма елді мекеніндегі №144 орта мектепте ауыл мектептерінің балалары үшін арнайы ұйымдастырылып жатқан республикалық байқауда 86 оқушы бақ сынайды. Байқау 13 пән бойынша өткізіледі. Нақтырақ айтатын болсақ, жаратылыстану-математикалық бағытында 6 пән болса, қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша 7 пән. Байқау бүгіннен бастап, 29 қарашаға дейін жалғасады. Соңғы күні оқушылар биология пәні бойынша байқауды тәмамдайды, – дейді «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: