Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Білім ордасы «Топ-20» университеттің құрамына енді

08.06.2021

1515 0

Білім тақырыбы қай кезде болмасын бірінші орында тұрады. Себебі бәсекелестікке қабілетті ел – білімді ел екені белгілі. Мұндай елдің ұрпағы қандай жағдайда да барлық қиындықты жеңетіні және алға қарай ұмтылатыны сөзсіз. Сондықтан да осындай жоғары оқу орындарында білім жолындағы бәсеке, алға қойған мақсат десек қателеспейміз.

Әлемдік білім жүйесінде қазіргі жастар қайда оқимын десе де өз еркінде. Осындай еліміздің озық білім ордаларының қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті де бар. Аталған оқу орны Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның қатарына енді. Құрылғанына 80 жылдан асқан қара шаңырақ бабалардан мирас болып ғасырлар қойнауынан жеткен білім мен ғылымның бүгінгі мұрагері десек болады. Осы жылдар ішінде университет маман даярлауда өзіндік дәстүрі қалыптасқан іргелі жоғары оқу орнына айналды. Білім ордасының түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада қызмет атқаруда. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, өнер және мәдениет майталмандары, ғылым мен спорт саңлақтары бар.

Жуық арада Аккредиттеу және рейтингтік Тәуелсіз агенттігі өткізген ЖОО-ның Ұлттық рейтингісі қорытындысында Университет ҚР ЖОО-ның Бас рейтингісіне енді. Осылайша 85 жоғары оқу орны қатысқан рейтингте 7 орынды иеленді. Оның ішінде 12 бағдарлама бірінші үштікке еніп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Соңғы екі жылда университет тоғызыншы орынды иеленіп келген.

Осыған дейін білім ордасы халықаралық QS рейтингінде Шығыс Еуропа және Орта Азия елдеріндегі 3000-ға жуық университеттің ішінде «ТОП-250» жоғарғы оқу орындарының қатарына енді. Университет бұл байқауда биыл да бақ сынап жатыр. Оның қорытындысы қыркүйек айының соңында жарияланады. Бүгінде оқу орнының техникалық базасы жаңарып, білім алушыларға барынша жағдай жасалуда.

Осындай іргелі білім ордасында 452 оқытушы-профессор қызмет атқарады. Оның ішінде 19 ғылым докторы, 168 ғылым кандидаты, 30 РhD доктор, 179 магистр бар. Биылғы оқу жылында жас ғалымдар арасынан 6 PhD, 3 қауымдастырылған профессор, 2 ғылым кандидаты, «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері шықты. Халықаралық және республикалық ғылыми-зерттеу мен шығармашылық байқауларда 40-тан астам студент жүлдегер атанды.

Қазіргі уақытта университеттің материалдық-техникалық базасында заманауи үлгіде жасақталған 10 оқу ғимараты, ғалымдар үйі мен 4 студенттік жатақхана, Студенттер сарайы, 7 асхана, жүзу бассейні мен жаттығу залы орналасқан «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, әскери кафедраның оқу-тактикалық полигоны, агробиологиялық кешен, 6 кітапхана мен оқу залдары кіреді.

Аружан СЕЙДУЛЛА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: